«Астана хаб» майнерлердің офшорлық алаңына айналған. Есеп комитеті өкілдері Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш министрлігі тарапынан бақылаудың болмауынан «Astana Hub» қатысушыларының қатарына майнингтік компаниялар қосылғанын анықтады. Криптавалюта өндірушілер «Astana Hub» қатысушысы ретінде салықтық жеңілдіктерді пайдаланып келген. Осыдан кейін құзырлы ведомства тарапынан тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, жыл басынан бері 73 қатысушымен келісімшарт бұзылып, 35 қатысушы технопарктен шығарылды.