Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Ақорданың ресми сайтында президенттің жарлығы жарияланды. «Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалсын», – делінген құжатта. Айта кетері, бұған дейін Қасымбек Қарағанды облысын басқарды. Оның орнына бүгін Ермағамбет Бөлекбаев тағайындалды.