Астанада 3 адамды құтқарған өрт сөндіруші 80% күйікпен жансақтау бөлімінде жатыр

Елордада көпқабатты үйдегі өрттен 3 адамды құтқарған өрт сөндіруші ауруханада хал үстінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Кеше Астанада Б.Момышұлы даңғылындағы 15 қабатты үйде алапат өрт болды. Өрт сөндірушілер өз өмірін қатерге тігіп, бес адамды аман алып шығарды. Олардың бірі – Асқар Забикулин зардап шеккендерге көмектескенімен, денесін қатты күйік шалып, қазір өте ауыр жағдайда жатыр», - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Өрт көпқабатты үйдің 11-қабатында тұтанған. Асқар Забикулин пәтерге терезе арқылы кіру үшін құтқару арқанымен 12-қабаттан 11-қабатқа түскен. Ішке ену үшін қоршауды алып тастауына тура келді, үстіндегі камуфляж киімімен жанып жатқан пәтерге кіріп, 80 жастағы әжей мен 22 жастағы немересін оттан шығарған. Сонымен бірге, өрт сөндіруші қою түтіннен шыға алмай, балконға жасырынып қалған 10 жасар баланы құтқарып үлгерген. «Асқар Забикулин асқан жанкештілікпен алапат өрттен бірнеше адамды құтқарып қалды, алайда өзі ауыр жарақат алып, өте қиын жағдайда жатыр. Өрт сөндірушіге беттің, арқаның, іштің, аяқтың жоғарғы және төменгі жағының 2-3 дәрежелі күйіктері, күйік шогы деген диагноз қойылды. Зақымдану дәрежесі – 80%. Қазір ол өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - дейді әкімдік. Айта кетейік, кеше елордада көпқабатты үйде өрт болып, 3 адам, оның ішінде 1 бала ауруханаға түскен еді.

Читать источник turkistan.tv
Ұлытау облысында креативті хаб ашылды
Елорданың мектепке дейінгі ұйымдары қаңтардан бастап ваучерлік қаржыландыруға көшеді
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды