Былтыр еңбекке жарамсыздығына байланысты 97,6 мың адамға 30,5 миллиард теңгенің жәрдемақысы төленді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 13%-ға артық. Жәрдемақының орташа мөлшері – 37 784 теңге. Ал асыраушысынан айырылған 61,4 мың отбасы 21,3 миллиард теңге жәрдемақы алды, төлемнің орташа мөлшері – 40 928 теңге. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда […]