Шымкенттегі №42 Хамза атындағы жалпы орта мектептің бірінші сынып оқушыларын жеке мектепке көшіргелі жатыр. Осылай деп дабыл қаққан ата-аналар мектеп алдына жиналды. Сөздерінше, білім ошағының директоры балаларды ауыстырмаймыз деп уәде бергенімен, ата-анамен өтетін әр жиналыста тек оқушыларды көшіру тақырыбы қозғалатын көрінеді. Ал балалардың ата-аналары перзенттерін жеке мектепке ауыстыруға үзілді-кесілді қарсылық танытып отыр. Шымкенттегі білім ордаларының […]