Шымкенттегі Самал-3 шағынауданының тұрғындары Ақтасты көшесіне асфальт салып беруді талап етеді. Олар аты болғанымен заты жоқ көшеге 20 жылдан бері өзіміз тас төсеп келеміз дейді. Сөздерінше, асфальт мәселесімен жауаптыларға талай рет барған. Бірақ нәтиже жоқ. Құрманғазы Кенжеев Самал-3 шағынауданындағы Ақтасты көшесіне алғаш көшіп келген байырғы тұрғынның бірі. 20 жылдан астам уақыт осында тұратын ақсақал […]