Атырауда үлкен мұнай қоймасы салынады. Президент Үкіметке осындай тапсырма берді. Өйткені өңірде өңдеу өнеркәсібі кенже қалған. Бірақ, экономиканы әртараптандыруға әлеует зор. Атырау – мұнайдың астанасы. Қойнауы қазынаға толы болғанымен, қордаланған проблемасында сан жоқ. Мұнайды тонналап шығарса да, тобықтай өнім өндіре алмай отыр. Мұнай химия өнімдерінің 95 пайызы сол күйі сыртқа кетіп жатыр. Бұл дұрыс емес […]