Күн райының қолайсыздығына байланысты жарияланған ескертуді елемегендер 15 тәулікке қамалады. 2023 жылғы 29 желтоқсанда «Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы» Үкімет қаулысына осындай өзгеріс енгізілді. Мұны ҚазАқпарат хабарлады. «Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның заңды талаптарына бағынбау фактілері анықталған жағдайларда, көлік құралдарының жүргізушілеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық […]