Шымкентте аудан әкіміне, басқарма басшыларына 2 млн. теңгеден астам айыппұл салынды. Қалалық прокуратура оларға қатысты мемлекеттік сатып алу занамаларын бұзу фактілерін анықтаған. Өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған жеткізушілерге қатысты мемлекеттік органдардың шара қолданбағаны белгілі болған. Қадағалау актісі бойынша лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нақтырақ айтқанда, Еңбекші ауданының әкіміне, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына, құрылыс […]