Абай ауданының Полиция басқармасына Түркістан облысының 57 жастағы тұрғыны арызданған. Ол арызында, 2022 жылдың шілде айында Шымкент қаласы аумағындағы ауқатты отбасылардың бірінде өзінің бала күтушісі болып қызмет еткенін, сол кезде аталған жанұяның мүшесі жасырын түрде ұялы телефонын алып, ондағы банк қосымшасы арқылы 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде заңсыз несие рәсімдегені туралы жазып көрсеткен. […]