Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің мемлекеттік басқару және саяси жүйесін уақыт талабына сай кезең-кезеңімен реформалап, жаңғыртып келеді. Атап айтқанда, Парламенттің рөлі мен ықпалы заңнамалық деңгейде күшейтіліп, Президенттің құзіретіндегі бірқатар өкілеттіліктер заң шығарушы органға жүктелді. Елімізде соңғы жылдары саяси партияларды тіркеуге қойылатын талаптар да жеңілдетілді. Ендігі жерде партияға тіркеу үшін 40 мың азаматтың қолдауы керек […]