Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына 4,6 мыңнан астам шағын кредит берілгенін хабарлады. Бағдарламаға қатысу үшін тұрғындардан 73 млрд. теңгеге 12 мыңнан астам өтінім қабылданып, 25 млрд. теңгеге болатын 4,6 мың шағын кредит берілді. «Биыл жеңілдетілген шағын несиелеуге 100 млрд. теңге бөлінді. Несиелеу мерзімі – 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы […]