Биыл Қазақстан үкіметі ауыл халқының табысын арттыру жобасына 52,4 млрд теңге бөлуді көздеп отыр. Бұл сомаға 2,5 пайызбен 11 мың шағын несие беру жоспарланған. Қазір Түркістан облысында “Ауыл аманаты” жобасы жан-жақты насихатталып жатыр. Кезекті кездесу Арыс қаласы мен Отырар аудандарында өтті.