Түркістан облысының Келес ауданындағы №8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің өзбек тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дустанова Робия Қамшыбекқызы қазақ классик ақындарынан және қазіргі қазақ поэзиясынан 135 өлеңді өзбек тіліне аударған, сонымен қатар түрік, әзірбайжан, құмық, өзбек, қарақалпақ, орыс тілдерінен 111 өлеңді қазақ тіліне де аударған. Дарынды мұғалім Қазақстанға 2000 жылдардың басында көшіп келген. […]