Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданы ауыл шаруашылығын дамытуға аса қолайлы аумақ. Ауданда жайылым жер көп. Сондықтан да мұнда күн көрісін төрт түлікпен байланыстыратын қазығұрттықтар мал шаруашылығын дамытып отыр. Мал бордақылап, сүтінен құрт, қаймақ, айранын сатып әжетіне жаратады. Қазығұрттың бетінде майы кілкіген қымызына сұраныс көп. Қазығұрт ауданында негізі ауыл шаруашылығы саласы аудан экономикасының көрсеткіші болып табылады. […]