Премьер-министр Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту үшін қосымша шаралар әзірлеуді тапсырды. Үкімет басшысының айтуынша, өсімдік шаруашылығында кейбір маңызды мәселелер әлі күнге дейін шешімін таппай отыр. Мәселен, әкімдіктер заманауи суару технологияларын енгізу жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра алмай келеді. Бұл су шығынын азайтып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік берер еді. «Еліміздің құбылмалы климатына бейімделген жергілікті сорттарды өсіруге ерекше көңіл […]