Павлодар облысының Ақсу қаласындағы ауыл шаруашылық фермасы 500 млн теңге субсидияны мемлекетке кері қайтаратын болды. Себебі «Крон-Агро» шаруашылығы жем-азық дайындайтын цехты салғанда, құрылыс талаптарын сақтамаған. Ал субсидия дәл осы нысан үшін бөлінген болатын. Ақеділ Ибраева, Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы: «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Крон-Агро» серіктестігі арасындағы инвестициялық субсидияландыру туралы келісім құжатын сот заңсыз […]