Алдағы екі жылда 650 ауылдық елдімекенде медициналық және фельдшерлік-акушерлік пунктер салынып, толық жарақтандырылады. Бұл ауыл тұрғындарына арналған мемлекеттік жоба аясында қолға алынбақ. Президент Жолдауында осылай деді. Ұлттық жоба арқылы 32 аудандық аурухана жаңғыртылып, ауданаралық көпсалалы мекемелер болып қайта құрылады. Оларда инсульт орталықтары, хирургия, реанимация және оңалту бөлімшелері ашылады. Бұл төрт миллионнан астам азамат үшін медициналық […]