Ел аумағындағы ауылдарды дамытуға 900 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров хабарлады. Қаржының басым бөлігі инфрақұрылымға жұмсалмақ. Нұрлан Байбазаров, Ұлттық экономика министрі: «Дәл қазір республикамызда 6256 ауылдық елдімекен бар. Ел халқының 38,4 пайызы, яғни 7 млн 600 мың адам ауылдарда тұрады. Жыл санап урбанизацияның күшейіп келе жатқанын да статистикадан […]