Түркістан облысындағы Ордабасы ауданына қарасты Бадам ауылының халқы ауыз суға жарымай отыр. Тұрғындардың сөзінше, ұңғымадағы су сорғыштар жиі күйіп кетеді. Соның салдарынан тіршілік нәрін сатып алып ішуге мәжбүрміз дейді. Ал жауаптылар неліктен үнсіз отыр? «Оразада ішерге су таппай отырмыз». Осылай деген Ордабасы ауданының тұрғыны Бибігүл Бижігітованың үйінде бірнеше күннен бері ауыз су жоқ. Көпбалалы ана […]