Бір тәулікте қоғамдық көлік жүргізушілерінің 200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылығы анықталды. Осы жылдың 22-25 қаңтар күндері аралығында Түркістан облысының полицейлерімен «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Іс-шараның бір тәулігінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің 216 әкімшілік құқық бұзушылығы анықталды. Сонымен қатар 1 жүргізушінің көлік құралын алкогольді масаң күйде басқарғаны белгілі болды. Қоғамдық көлік жүргізушілері бір емес он шақты жолаушыны […]