Енді автобустардағы қолма-қол төлем жүйесі түбегейлі жойылуы мүмкін. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары мәлімдеді. Себебі, қоғамдық көліктерде орын алатын келеңсіз жайттар саны көбейген. Салдарынан жолаушылар тарапынан түсетін шағымдар да артқан. Бұл жағдай Шымкенттегі №52-ші маршрутта болған. Куәгерлердің сөзінше, автобус жүргізушісі көліктің ортаңғы есігін ашпай, қолма-қол ақша жинаған. Бейнежазба авторы мұндай […]