Кінәлі азаматша «Коlesа.kz» қосымшасында автокөлік бөлшектерін сату туралы жалған хабарландырулар жариялаған. Ол жәбірленушілерге автокөліктердің қосалқы бөлшектерін әртүрлі қалаларға жіберуге уәде беріп, қылмыстық ниеттерін жасыру мақсатында оларға банктік деректемелер мен жалған сатып-алу шарттарын жіберіп, ақша қаражатын алғаннан кейін, телефон қоңырауларына жауап беруді тоқтатқан. Осылайша, сотталған 32 азаматты алдап, олардың 4,8 млн теңгеден астам қаражатын иемделген. Мемлекеттік […]