Түркістан облысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушіні анықтады. Оқиға Сарыағаш ауданының Жібек жолы ауылында болған. Жедел басқару орталығының қызметкерлері камераларды бақылау барысында автокөліктің мемлекеттік нөмірі сыйлық орайтын бантикпен жабылғанын әрі оған стробоскоп орнатылғанын байқаған. Бұл туралы учаскелік полиция инспекторларына хабарланып, олар аталған автокөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде көлікті Шымкент қаласының 25 […]