Ішкі істер министрлігі автоконструкторларды заңдастыру тәртібін жариялады. 22 мамырдан бастап Қазақстанға қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді тіркеуге қоюға рұқсат берілді. Оны заңдастыру үшін бірнеше құжат тапсыру қажет. Олар: өтініш; ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкері берген көлік құралын тексеру актісі; техникалық байқаудың диагностикалық картасы. Осы санаттағы көлік құралдарын алғашқы тіркегені үшін алым мөлшері 200 мың теңгені […]