Түркістан облысында қосымша иммундау басталғалы қызылшамен ауыратындар көрсеткіші 63%-ға төмендеді. Қазір аймақта 68 мыңға жуық балаға екпе салынды. Бұл облыс бүлдіршіндерінің 36 пайызын құрайды. Осылайша өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақталды. Ауа тамшылары арқылы жылдам тарағыш дертпен күресуге облысқа тағы да 83 мың доза вакцина әкелінді. Сондықтан қазір жаппай иммундау жұмысы қарқынды жүріп жатыр. «Соңғы күндері эпидемиологиялық […]