Жоғары оқу орындарында студенттерге төленетін төлемді өзгерту туралы үкімет қаулысы күшіне енді. Құжатқа сәйкес, ай сайынғы мемлекеттік стипендия мөлшері ұлғайтылды. Енді университет студенттері 31 423 теңгенің орнына 36 660 теңге алады. Болашақ мұғалімдер мен дәрігерлердің шәкіртақысы бұрын 50 400 теңге болса, енді 58 800 теңге алады. Интерндерге 66 403 теңге, магистранттарға 86 987 теңге төленеді. […]