Бәйдібек би- Төлеметов көшелерінің қиылысында қызмет атқарып тұрған 881 автоэкипаж қызметкерлерінен белгісіз ер адам көмек сұрады. Өзін Түркістан облысының тұрғымын деп таныстырған ол көлікте әйелін толғақ қысып, босанғалы жатқанын жеткізді. Қарбалас сәтке тұспа-тұс келген ерлі-зайыптылар қаланы мүлдем білмейтінін айтқан. Жедел-жәрдем шақырса уақыт жоғалтатынын бірден түсінген полицейлер, көлікті сүйемелдеп алып жүру арқылы Нұрсәт мөлтек ауданындағы перзентханаға […]