Ағымдағы жылдың мамыр айында Жетісай ауданы, Жетісу ауылының тұрғыны Б. өз үйінде зайыбы-жәбірленуші Т.-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, отбасының тыныштығын бұзу әрекетін жасаған. Құқық бұзушының осы әрекеті бойынша Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен хаттама түзіліп, сотқа қарау үшін жолданған. Сот істі қарау кезінде құқық бұзушы Б. кінәсін мойындап, алайда жасаған әрекеті үшін жәбірленушіден кешірім сұрамайтынын […]