Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Қ.-ға қатысты қылмыстық іс аяқталды. Сотталушы ҚК-нің 108-1-бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) айыпталған. Қ. өзінің азаматтық некедегі жұбайы Э.-мен жанжалдасу кезінде, оң қолының шынтағымен ұрып, мойнынан қылқындырып, оның денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Сотталушының кінәсі өзінің, жәбірленушінің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, сараптамалардың қорытындыларымен және басқа да іс бойынша […]