Бүгін Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова Түркістан қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына барды. А.Есмағамбетова қалалық басқарманың қызметімен танысып, қызметкерлермен кездесіп, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, құтыру және COVID-19 сияқты аса қауіпті инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мәселелерін […]