Айран мерекесі Балкар халқы үшін маңызды мейрам. Түбі Түркі елінен шыққан атаулы мереке Ресей Федерациясына қарасты Карашай-Шеркес республикасында биыл да ерекше аталып өтті. Мейрамның аты «Айран» деп аталғанымен, бұл күні ел ауыл шаруашылық өнімдерін көпке көрсете алады. Таулы аймақта өткен мереке туралы тілшіміз баяндайды. Кіші карашай ауданында болған бұл мейрам 12-ші жыл халықаралық дәрежеде аталып өтуде. Тек Балкар халқы үшін ғана емес, исі мұсылманға белгілі «Айран мерекесі» биыл ерекше форматта ұйымдастырылған. Таулы өңірдің тұрғындары шараға сүт өнімдерінен бөлек, қолдан жасалған түрлі бұйымдарды да алып келген.