«Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 12 автокөлік айыппұл тұрағына орналастырылды. Шымкент ҚПД Әкімшілік полиция қызметі басқармасының қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 7-ақпанынан бастап «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Мақсаты – қала аумағында салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру жұмыстарын жандандыру және сот орындаушыларымен бірлесіп мәжбүрлі түрде өндіру шараларын жүргізу. Осы орайда, Шымкент қаласы бойынша іс-шараның 7 күнінде 499 автокөлік тексеріліп, олардың […]