Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының төрағасы Айдос Иманбаев азаматтар алимент төлеуге мүмкіндігі бола тұрып, баласын асыраудан әдейі жалтарады, табысы мен мүлкін жасыратынын мәлімдеді. «Кейбір борышкерлер нақты қаржылық мүмкіндіктері бола тұрып, балаларын асыраудан әдейі жалтарады, табысы мен мүлкін жасырады. Бүгінгі таңда алименттің мөлшері борышкердің табысына байланысты белгіленеді. Бұл теріс пиғылды борышкерлерге табыстарын жасанды түрде азайтып көрсетуге […]