Дәрі-дәрмек сатып алғанда, мұқият болыңыз. Енді дәріханада 7 мыңнан астам атауы бойынша дәрілік заттардың шекті бағасы бекітілген. Одан бағаны асырған жағдайда дәріханаға әкімшілік жаза көріледі. Егерде бұл жағдай қайталанса, лицензиясынан айрылады. Осы және өзге де талаптар жайлы БАҚ өкілдеріне медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті директорының орынбасары Ләззат Қашқымбаева баяндап берді. Мамандардың […]