Мемлекет басшысы отандық өндірісті қолдау қажет екенін нақты айтқан болатын. Халқымыздың әл-ауқатының артуы ұлттық экономиканың дамуына байланысты екені айқын. Отандық өнім өндірушілерге барынша жағдай жасалуда. Кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекет зор мүмкіндіктерге жол ашуда. Бүгінде Шымкент қаласында өндіріс орындары көбейіп келеді. Отандық өнім өндіруде асығы алшы тұрған кәсіпорындардың қатары молайғаны қала қазынасын ғана емес, қазына қазанын […]