Қазақстандық велоспортшы Алексей Луценко 15 жылға созылған кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Тасжолдағы велоспорттан ұлттық құраманың көшбасшысы болған спортшы ел тарихындағы айтулы нәтижелерге қол жеткізіп, халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын қорғады. фото: olympic.kz Луценконың спорттағы басты жетістіктерінің бірі – Азия ойындарындағы нәтижесі. Ол құрлық додасында алты рет чемпион атанып, жарыс тарихындағы рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. […]