Азия ойындарынан жүлдемен оралған Мейіржан Шермаханбетті шымкенттіктер қошеметпен қарсы алды. Жапонияда өткен дүбірлі додада жерлесіміз 67 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Қола жүлде үшін белдесуде моңғолиялық қарсыласын 11:0 есебімен ұтып, ел қоржынына тағы бір медаль қосты. МЕЙІРЖАН ШЕРМАХАНБЕТ, БАЛУАН: «Барша қолдау көрсетіп, жанкүйер болған жандарға алғысымды білдіремін. Әсіресе қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының […]