Азық-түлік бір жылда 20 пайызға, ал өзге тауарлар 13 процентке қымбаттаған. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, әсіресе, қант 78 пайызға , орамжапырақ – 72, сарымсақ 69, ұн бағасы 33 процентке көтерілген. Қымбатшылық инфляция шарықтайтыны белгілі. Бір айда ол бір жарым пайызға өсіп, 14,5 процентке жетті. Ал ақылы қызметтер құны 9,2 пайызға өскен. Шынар Оразова