Шымкентте әлеуметтік азық-түлік тауарларын тұрақтандыру үшін 8,7 млрд. теңге бөлінген. Бірақ, 207 кәсіпкерлік нысан бағаны өсірген. Қазір қаладағы 70-ке тарта сауда нүктесінде 19 түрлі тауар арзан бағада сатылып жатыр. Шымкентте 207 кәсіпкерлік субьектісіне әлеуметтік азық-түлік бағасын қымбаттатқаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы экономикалық тергеп-тексеру департаментінтінің өкілдері айтты. Сөздерінше, осы жылы қалада әлеуметтік азық-түлік бағасын тұрақтандыру […]