Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, стратегиялық шикізат-астықты жымқыруға жол бермеу мақсатында «Азық-түлік келісім-шарттық корпорациясы» ҰК» АҚ қызметінде жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. Жемқорлықта Продкорпорация өңірлік филиалдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының бірқатар басшылары әшкереленді. Астық ұрлау фактілерін жасыру үшін пара беру әрекеті кезінде астық базаларының бұрынғы директоры мен оның көмекшілері […]