Әні той гимніне айналған Түркістан тумасы Бекжігіт Сердәлінің шығармашылық кеші өтті. Ол Түркістан облысы, Сауран ауданының тумасы. Талантын түгел түркі жұрты мойындаған композитор бүгін өз өлкесінде ән салып, ауылдастарымен кездесіп қайтты. Әріптесім Балым Әлішер осы рухани кештің куәсі болып қайтқан еді. Сюжетке үңілсек!