Шымкентте Бадам өзенінде шомылып жүрген 7 жасар бала суға батып кете жаздады. Оқиға кеше, 27 шілдеде болған. Мектеп жасындағы бала өзге балалармен бірге өзендегі каскадты тірек құрылымының жоғарғы бөлігінде шомылып жүрген. Кенеттен оның аяғы тайып кетіп, тіреуіштің түбіне құлап шыға алмай қалған. Дәл сол сәтте өзен аумағында Тұран аудандық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері судағы қауіпсіздік […]