Алматыда Бақытжан Сағынтаевтың тұсында жер учаскелеріне қатысты шешімдерге тексеру жүргізіледі. Заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда кінәлілер жауапқа тартылады. Бас прокурор Берік Асылов Медеу паркінде жеке меншікке өтіп кеткен жер телімдеріне қатысты тексеру жүргізуді тапсырды. Бұл мәселені Мәжілісте Азат Перуашев көтерген болатын. Депутаттың айтуынша, Медеу табиғи паркінің 20 пайызы тұрғын үй қорына берілген. Мұны парк басшылығына ескертпеген. […]