Шымкентте «Бақытты отбасы-бақытты жан» тақырыбында отбасылық құндылықтарды дәріптейтін семинар өтті. 5 күнге созылған ауқымды жоба мақсаты қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жастар мен жас отбасыларды қолдау, жастар мен жасөспірімдердің тәрбиесімен айналысатын кадрлардың біліктілігін арттыру. Cоңғы 5 жыл көлемінде жас отбасылар арасында шаңырағы шайқалғандар саны артқан. Оған қоса қоғамдық орында ашық зорлық-зомбылық көрсету фактілері жиілеп кетті. […]