Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасы – балаларға мамандандырылған көмектің барлық түрін көрсететін заманауи көпсалалы аурухана. Онда қабылдау бөлімі, жарақат бекеті, хирургиялық және соматикалық бейіндер бойынша медициналық көмек түрлерін көрсетеді. Жыл басынан бері мекемеде 33 154 науқас балаға медициналық көмек көрсетілген. 5392 науқас стационарлық ем қабылдап, сауығып шыққан. Жалпы ауруханада білікті дәрігерлер 1477 ота жасап, […]