Шымкент мектептерінде жаңа жылдық ертеңгіліктен өзге мерекелік іс-шара өткізуге рұқсат жоқ. Сонымен қатар, мектеп жасындағы балаларға пиротехникалық заттарды қолдануға да тиым салынған. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева брифингте мәлім етті. Жиында «Балалар жылында» атқарылған бірқатар іс-шара барысы баяндалды. Биыл Шымкентте «Балалар жылын» өткізуге 44,6 млрд. теңге қаражат бөлінген. Бұл қаржыға 7 бағыт […]