Сауран ауданының тұрғыны қомақты қаржысынан айырылды. Ол ұлына диплом әпермек болған. Полиция хабарлауынша, ауыл тұрғынына сырттай танысы ұлына «диплом алып беремін» деп уәде еткен. Ол қызметі үшін 1,3 миллион теңгесін санап алған. Алайда екі жыл бойы алдап келген. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды. Жедел-тергеу тобы құрылып, күдікті әйел ұсталды. Ол жұмыссыз […]