2022 жылғы 24 сәуірде Түркістан облысы Қазығұрт, Сарыағаш аудандарында жауын-шашын мен Кентау қаласында қатты жел соғып, табиғи апат болды. Құтқару жұмыстарына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың 100-ден аса қызметкері жұмылдырылды. Олар 15 бірлік техника, 13 мотопомпа күштерімен суды сору және арықтарды тазалау жұмыстарын жүргізді. Табиғи апат салдарынан 50 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. […]