Еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай Тағанұлы той-томалақта анайы ойындар ұйымдастырып жүрген асабалардан дәстүр әдебін сақтауды сұрады. Соңғы кездері әлеуметтік желіні шарлап жүрген видеолар болашақ ұрпақтың тәрбиесіне әсер етеді дейді ол Сондықтан мұндай әдепсіздікпен халық болып күресу қажет. Бірақ қалай? Соңғы кездері мұндай әдепсіз ойындарға халықтың көзі үйреніп кетті. Тіпті, қалыпты жағдайға айналып бара жатыр деуге болады. […]